Ауғанстанның бұрынғы қаржы министрі Халид Пайенда «Талибан» елді басып алар алдында АҚШ-қа кеткен болатын. Ол қазір Вашингтонда такси жүргізушісі болып жүр. Бұл туралы The Washington Post басылымы жариялады, — деп хабарлайды “ozgeris.info” порталы.
40 жастағы министр 1 жыл бұрын ғана АҚШ-тың өз еліне берген 6 миллиард долларын қадағалаған еді. Енді аз ақшаға қосымша жұмыс істеуге мәжбүр. Жаңа жұмыс оның отбасын — әйелі мен төрт баласын асырау үшін қажет, деп жазды басылым.
Экс-қаржы министрінің берген сұхбатында Кабулдан Вашингтонға көшу әрі отбасын асырау ол үшін өте қиын болғанын мойындады.
«Қазір менің тұрақты орным жоқ. Мен өзімді мұнда да, ол жақта да елестете алмаймын. Бұл өте қиын. Маған отбасымды асырау қиын», — деді ол.
Пайенданың пікірінше, Американың Ауғанстандағы саясаты бастапқыда «ізгі ниет» болғанымен, бұл тұрақты емес еді. Ол АҚШ-ты «демократия мен адам құқықтарына опасыздық жасады» деп айыптады.
Пайенда қаржы министрі қызметінен тәліптер Кабулды басып алғанға дейін бір апта бұрын кеткен. Ел президенті Ашраф Ғанимен қарым-қатынасы нашарлағаннан кейін қамалудан қорқып, Америка Құрама Штаттарына кеткенін айтты.
«Халық игілігі үшін жұмыс істейтін жүйені құруға бізде 20 жыл мен бүкіл әлемнің қолдауы болды», — деп жазды Пайенда Ауғанстан астанасы құлаған күні.
“ozgeris.info” порталы
ПІКІР ЖАЗУ