Жаңалықтар
Танымал актердің әйелдер жайлы айтқаны қоғамда қызу талқыға түсті
Танымал актер, асаба, «Күлкі базар» театрының басшысы Ғалымжан Қалыбаевтың әйелдер жайлы айтқан ойы желіге тарап кетті. Өнер иесінің «Жағың сынса да, сағың сынбасын» подкастындағы сөзі қоғамда қызу талқыға түсті, деп жазды nur.kz.
Бағдарлама жүргізушісі актерден «Саясатқа қатысты сұрақ қояйын. Сізді көбісі біледі. Әзілдеріңіз тоқал алу, көп әйел алуға қатысты. Басшымыз қыз алып қашу, көп әйел алуға тыйым салу жайлы айтты. Бұл жайлы өз ойыңыз қалай?», – деп сұрады.
Ал Ғалымжан Қалыбаев бұл нәрсеге түбегейлі қарсы екенін айтты.
«Менің пікірім теріс. Мен ғана емес, бүкіл халық айтылған сөздерге қарсы болып жатыр. Бүкіл демей-ақ қояйын, 99,9 пайыз халық қарсы. Қолдап отырғандар да бар шығар. «Көп әйел алуға тыйым салу керек» деп еді, әйелдердің жаны кіріп қалды. Олар ар жағын ойлап отырған жоқ. Атам қазақ «Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа» деп айтады. Ер адамның 10 жылға, 20 жылға, 50 жылға қойған жоспарын әйел адам ойлай алмайды. Оның бүгінгі тамағы, ертеңгі шайы болса, ар жағын ойлай алмайды. Алла солай жаратқан, мен кемсітіп жатқан жоқпын. Әйел заты – кеміс, жарымес деп отырған жоқпын. Ата-бабам соны көріп, бекер айтқан жоқ.
Әйелдердің жаны кіріп отырғаны, бір күйеуі өзіне қалатын болды. Күйеуін баласы секілді меншіктеп алды. Күйеуім өзімдікі, ешкіммен бөліспеймін деп отыр. Есесіне, ертең жезөкшелер көбейеді. Бір жыныстылар мен зина көбейеді. Рас қой. Сосын қытайға, кәпірге, үндіске, қара нәсілдіге тұрмысқа шығу басталады. Мен алмасам, сен алмасаң, ол байғұс қыздар қайда барады? Отырып қалған қыздар, жесірлер, ажырасқан әйелдер қайда барады? Кім алады? Нәзік жандылар ғой олар. Қорғауымыз керек қой. Солар барады да, қытайға тиеді, басқаға тұрмысқа шығады.
Сосын солардан туған бала азаматтық алады. Қызық сол кезде басталады. Атам қазақ «Жиен – ел болмас, желке – ас болмас» деген. Жиен ешқашан ел болмайды. Жиен менің тегімді алмайды, менің мүддемді қорғамайды. Қазақ болса, дұрыс. Қорғасын! Ал ертең 50 млн қытайдың жиені келіп, қазақты елінен бездіріп жібереді. Ертең шығайын деп отырған заң көп әйелді тоқтату керек дегенім осы. Мен түбегейлі қарсымын. Мен президент болсам, «Қазақтың қыздарына қамқор болыңдар» дер едім. Ажырасып кету, қайта үйлену болады», – деді Ғалымжан Қалыбаев.
Актердің бұл сөзі түрлі әлеуметтік желіге тарап, қоғамның қызу талқысына түсті. Көпшіліктің бірі актерді қолдаса, екіншілері оның сөзіне қарсы шықты.
фото: видеодан скриншот
-
Мәжіліс ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы жаңа заң қабылдады12:53, 12 қараша 2025
-
Цифрлық трансформация қала тынысын ашады12:48, 12 қараша 2025
-
"Күрделі ота жасады": Дина Төлепберген басынан өткен ауыр сынағымен бөлісті (ВИДЕО)12:37, 12 қараша 2025
-
Қаржы ашықтығы қайдан басталады?11:09, 12 қараша 2025
-
Хромтау әкімі пара алғаны үшін қамауға алынды11:09, 12 қараша 2025
-
Цифрлы жүйе Алматы егіншілігіне серпін бермек10:58, 12 қараша 2025
-
«Аллаға шүкір, сүйінші!»: Танымал блогер Елдос Колобок 9 жылдан кейін әке атанды10:12, 12 қараша 2025
-
"Ет те, қазы да біртүрлі": Димаш Құдайбергеннің мейрамханасында шу шықты (ВИДЕО)09:00, 12 қараша 2025
-
Мөлдір Әуебекованың анасы әнші қызына үшінші рет тұрмысқа шығуға кеңес берді05:49, 12 қараша 2025
-
Ақтөбе облысында әкім қамауға алынды03:44, 12 қараша 2025
-
"14 жыл біргеміз!": Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы елге үн қатты (ВИДЕО)15:10, 11 қараша 2025
-
-
"Бір көріп ғашық болдым": Медеу Арынбаев жеке өміріндегі сырымен бөлісті (ВИДЕО)16:34, 11 қараша 2025
-
"Пара алып, қашпақ болған": Түркістанда полицей 7 жылға сотталып кетті (ВИДЕО)16:12, 11 қараша 2025
-
Кредитті 5 жылға шегеруге бола ма?16:26, 11 қараша 2025
-
"Ет те, қазы да біртүрлі": Димаш Құдайбергеннің мейрамханасында шу шықты (ВИДЕО)09:00, 12 қараша 2025
-
Атырауда екі жасар бала терезеден құлап мерт болды17:15, 11 қараша 2025
-
«Жоғары мәртебелі Тоқаев мырза!»: Мәскеу Қазақстан президентін қалай қарсы алды18:50, 11 қараша 2025
-
Тоқаев Қазақстанның бірқатар елшісін тағайындады14:50, 11 қараша 2025
-
Ақтөбе облысында әкім қамауға алынды03:44, 12 қараша 2025
-
«Иманы саламат болсын»: Мұхтар Шаханов қара жамылды19:46, 05 қараша 2025
-
"Қасынан бір елі қалмайды": Тұрсынбек Қабатовтың жас тоқалының видеосы тарады (ВИДЕО)14:57, 05 қараша 2025
-
-
"Қатты мұқтажбыз": Тұрсынбектің балалары солқылдап жылап қалды (ВИДЕО)17:16, 10 қараша 2025
-
"Қазір әкемнен алыстадым": Тұрсынбек Қабатовтың кіші қызы оқырмандарына жауап берді09:56, 05 қараша 2025
-
"Ол да бір үйдің Мөлдірін жылатты": Динара Сәтжан танымал журналистің сынына қалды16:44, 06 қараша 2025
-
"Көмектесетін адамым жоқ": Гүлзира Айдарбекованың кіші келіні ренішін айтты09:00, 06 қараша 2025
-
"Дәстүрді білмей ме": Асанәлі Әшімов немересін күйеуіне өзі табыстады (ВИДЕО)15:01, 10 қараша 2025
-
"Жақсы күйеу бола алмады": Тұрсынбек Қабатовтың кенжесі әкесі туралы жазба жариялады12:36, 06 қараша 2025
-
Тұрсынбек Қабатов тоқалы барын мойындады10:06, 10 қараша 2025
-
"Қызымның ұстайтын жері қалмапты": Сәкеннің құдағиы ренішін айтты (ФОТО)10:18, 16 қазан 2025
-
-
-
-
Аида Балаева қаралы хабар айтты15:04, 20 қазан 2025
-
-
-
"Жасанды сұлулық иесі": Қоғам белсендісі Динара Сәтжанды оңдырмай сынады13:02, 14 қазан 2025
-
«Иманы саламат болсын»: Мұхтар Шаханов қара жамылды19:46, 05 қараша 2025
-