Жаңалықтар

Костенко шахтасында опат болған 46 кеншінің құрметіне ескерткіш ашылды

Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында опат болған 46 кеншінің құрметіне ескерткіш ашылды, деп хабарлайды Ozgeris.info. Іс-шараға Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Qarmet компаниясының басшылығы, қаза тапқан кеншілер отбасы, тау-кен өндіру саласының ардагерлері қатысты. Ескерткіш үш метрлік қара мәрмәрдан жасалған, ол кенжарға кіріп бара жатқан кеншілерді бейнелейді. Алдыңғы жағында кеншілердің есімдеріжазылған. Композиция авторы - мүсінші Игорь Баграмов. Qarmet компаниясы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Кеншілеріміздің жарқын жүзі мәңгілік есте сақталады!
Барлық жаңалық