Қоғам

Комаға түскен Диас Ахметшәріптің қазіргі жағдайы белгілі болды

Туризм және спорт министрінің кеңесшісі, қазақстандық танымал журналист Диас Ахметшәріп инсульт алып, жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды nur.kz. 

Жағдайдың мән-жайын NUR.KZ тілшісіне Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз хатшысы мәлім етті.

"Пациент инсульт алған, миына қан құйылған. Жағдайы өте ауыр, қазір жансақтау бөлімінде жатыр", - деді медициналық ұйым өкілі. Ал басқа мәлімет пациенттің туыстарының рұқсатынсыз жарияланбайтынын ескертті.

Барлық жаңалық