Қоғам белсендісі 31 миллионға салынған дәретхананы көрсетті

ең қымбат дәретхана
Коллаж: Massaget.kz

Қазақстандағы «ең қымбат» дәретхана Абай облысында орнатылған. Алайда қыруар қаржыға салынған дәретхана қарапайым унитаз да жоқ, — деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Бұл туралы Әділдік жолы Республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов айтты. Оның сөзінше, 31 562 600 теңгеге салынған дәретханада қарапайым унитаз да жоқ.

«Ең арзан «Генуя чашасы» орнатылған, былайша айтқанда бұрыңғы замандағыдай тесік. Құжатпен қарастырылған жылыту жүйесі мен интеллектуалды бейне бақылауды да көрмедім. Ақша қайда деген сұраққа Антикор жауап береді деп сенемін», — дейді Смағұлов.

Дәретхана Семейден Қарауылға баратын жол бойында орналасқан.

«Шенеуніктер дәретхананы облыстық маңызы бар жолды күтіп-ұстау жұмыстарына тауар ретінде тығып сатып алған. Бұл заңбұзушылық. Дәретхана ақылы, алайда әлі күнге дейін төлем жүйелері қосылмаған. Су дұрыс ақпайды, су жүйесінің қысымы нашар», — дейді Смағұлов.

Құжат бойынша, дәретхана ақпан айында АКТ арқылы қабылданып, ақшасы толық төленбеген болып шықты.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)