Мақпал Жүнісова Әлішер Кәрімовтың жеке өміріне қатысты құпиясын ашып қойды

Instagram/zhunusova.makpal

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова өнердегі інісі Әлішер Кәрімовпен түскен суретін жариялап, елді қызықтырып қойды. Өнер иесі әріптесінің жеке өміріне қатысты көпшілік білмейтін жайтты айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ

Мақпал Жүнісова елдің қызу талқысын тудырған фотоны Instagram-дағы парақшасында жариялады. Суретте Жүнісованың қасында бейтаныс аруды құшақтап тұрған Әлішер Кәрімовты көруге болады.

Бұл жайтты бірден байқаған желі қолданушылары эстрада жұлдызын сұрақтың астына алды. Көпшілік Кәрімовты құшақтап тұрған арудың кім екенін біле алмай әлек болған.

«Әлішерді құшақтап тұрған қыз кім», — деп сауал жолдады оқырман.

Мақпал Жүнісова көптің көкейіндегі сұрақты жауапсыз қалдырмады. Ол Әлішер Кәрімовтың қасындағы аруға қатысты пікір білдіріп, әріптесінің жеке өміріне қатысты құпиясын ашып қойды.

«Бұйыртса, келін болып қалар», — деп қысқа жауап берді әнші.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Мақпал Жүнісованың пікірі. Скриншот: Instagram/zhunusova.makpal