Қазақстан дзюдошысы Паралимпиаданың қола жүлдесі үшін бақ сынасады

Фото: Халықаралық дзюдо федерациясы

Қазақстанның Азия ойындарының жүлдегері 2024 жылғы Паралимпиаданың қола жүлдесі үшін бақ сынасады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Дзюдошы Зарина Райфова көру қабілеті бұзылған спортшыларға арналған J2 класында 70 килограммнан жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

Ширек финалда ол әлем және Азия ойындарының чемпионы қытайлық Ван Хунъюйден мерзімінен бұрын жеңіліске ұшырады.

Жұбаныш раундында қазақстандық австралиялық Тейлор Госенспен кездесті. Райфова екі вадза-ари рәсімдеп, оған иппон, яғни мерзімінен бұрын жеңіс берілді.

Кешкі сессияда Азия ойындарының күміс жүлдегері 2024 жылғы Паралимпиаданың қола жүлдегері үшін италиялық Каролина Костамен бақ сынасады.