DOPE SOZ YouTube арнасында теолог, Исламтанушы Асқар Сабдинмен подкаст шықты. Подкастта діни радикализм, кредит, Наурыз мейрамы туралы әңгімелер қозғалды.
Асқар Сабдин подкастта Каспи Банк басында Ислами банк болғанын айтты.
100% Ислам қаржысымен жұмыс істейтін әлемдегі ең үлкен банк - Сауд Аравиялық "Әл-Раджхи" деген банк. Сол банк бізге де келген ғой кезінде, Камал Абдул Салех деген 90 жылдарда 100 миллион доллар иневстиция алып келіп, "Әл-Барака Қазақстан" деген банк ашылған. Бірақ кейін біздің заң жүйесіне өзгертулер ол кезде еңгізілмеді, ол сол банкті сатты. Ол қазіргі "Каспи Банк", қателеспесем, - дейді Асқар Сабдин.
Оның айтуынша, "Каспи Банк" - "Әл-Барака Қазақстан" банкінің мұрагері болып саналады.