Қарағанды облысында автобустың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті, деп хабарлайды Ozgeris.Info облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп.
«Жол апаты салдарынан Chery Tiggo көлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты, оның тағы үш жолаушысы мен автобус жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиға кезінде автобуста 51 адам болған», — делінген хабарламада.
17 шілдеде сағат 6.00 шамасында Алматы-Екатеринбург тас жолында Ақсу-Аюлы кентінен 5 шақырым жерде Красноярск-Шымкент бағытында Chery Tiggo жеңіл көлігі мен Van Hool автобусы соқтығысқан жол апаты орын алған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
ПІКІР ЖАЗУ