Жаңалықтар

Хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасында команданың құрамы жарияланды

Қазақстандық хоккейшілер Франция, Германия, АҚШ, Латвия, Польша және Словакия командаларымен плей-оффқа шығу үшін бақ сынасады. Хоккейден Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар құрамы алдағы әлем чемпионатының құрамасын жариялады, деп хабарлайды ұлттық құраманың сайты. Команда құрамында: Қақпашылар: Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі де - «Барыс»), Сергей Кудрявцев («Арлан»). Қорғаушылар: Дмитрий Бреус («Торпедо»), Самат Данияр, Әділ Бекетаев, Тамирлан Гайтамиров (барлығы - «Барыс» Артем Королев, Мади Диханбек (екеуі де - «Номад»), Леонид Метальников («Адмирал»), Валерий Орехов («Металлург»). Шабуылшылар: Әлихан Асетов, Батырлан Мұратов, Максим Мусоров, Әлихан Өмірбеков, Роман Старченко, Михаил Рахманов, Евгений Рымарев, Кирилл Савицкий, Аркадий Шестаков (барлығы - «Барыс»), Олег Бойко («Номад»), Дмитрий Гренц («Арлан»), Никита Михайлис, Максим Мухаметов (екеуі де - «Металлург»), Кирилл Панюков («Амур»). 2023/2024 маусымында ойыншылардың қолданыстағы келісімшарттары болған клубтар көрсетілген. 10-26 мамырда Чехияда хоккейден әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасы «В» тобында өнер көрсетіп, Франция, Германия, АҚШ, Латвия, Польша және Словакия командаларымен плей-оффқа шығу үшін бақ сынасады. 5 мамырда біздің команда Прагаға келіп, Ұлыбритания командасымен жолдастық матч өткізеді.
Барлық жаңалық