ХАМАС Газаның билігінен бас тартуға дайын

Фото: Elements.envato.com

Газа секторының басқаруы Палестина ұлттық әкімшілігіне берілуі мүмкін, бірақ белгілі бір шарттармен, деп хабарлайды Sky News Arabia.

Телеарнаның дереккөздеріне сүйенсек, ХАМАС Палестина азаттық ұйымына хат жолдаған. Қозғалыс Газаны басқаруды тапсыруға ниетті, бірақ палестиналық анклавтағы мемлекеттік қызметкерлер өз орындарында қалуы немесе зейнетке шыққан жағдайда төлемдеріне кепілдік берілуі керек деген талап қойған.

Sky News Arabia мәліметінше, ХАМАС-тың бұл шешіміне Египеттің қозғалыс делегациясына Каирдегі сапар кезінде жасаған қысымы әсер еткен.

ХАМАС 2007 жылдан бері Газаны бақылауда ұстап келеді. Билікке олар Палестинаны ұлттық азат ету қозғалысы – ФАТХ-пен қақтығыстан кейін келген.

Сонымен қатар, жақында ХАМАС үш тұтқынды босатты. Саги Декель-Чен, Александр Труфанов және Яир Хорн 498 күн тұтқында болған.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...