Норвегия, Испания және Ирландия Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындады. Бұл туралы сәрсенбіде, 22 мамырда үш елдің премьер-министрлері мәлімдеді.
Норвегияның Премьер-министрі Йонас Гара Сторе бұл қадамның Таяу Шығыстағы бейбітшілік үшін маңыздылығын атап өтті: «Мойындау болмаса, бейбітшілік мүмкін емес». Палестинаның тәуелсіздігін ресми мақұлдау 28 мамырға жоспарланған.
Осы мәлімдемелерден кейін Израиль Сыртқы істер министрі Исраэл Кац Норвегия, Испания және Ирландия елшілерін консультациялар үшін дереу шақыртып алуды бұйырды.
Палестинаның тәуелсіздігін қазір БҰҰ-ға мүше 193 елдің 144-і мойындады, бұл Палестинаның егемендігіне халықаралық қолдаудың артып келе жатқанын көрсетеді.
ПІКІР ЖАЗУ