Жаңалықтар

Ева Эльфи Астанада: желі жұлдызы елордаға келді

Астанада өтіп жатқан халықаралық PGL Astana 2025 кибертурниріне арнайы қонақ ретінде танымал порноактриса Ева Эльфи (нағыз аты – Юлия Романова) келді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Киберспортқа қатысы бар бұл жұлдыз соңғы жылдары танымал букмекерлік компаниялардың бірінің өкіліне айналған. Қазір ол бәс тігу брендімен бірге геймерлер арасында жарнама жұмыстарын жүргізіп жүр.⠀

Алайда актрисаның бұл саладағы белсенділігі әрдайым оң нәтиже бере бермейді. Мәселен, 2023 жылы Ева Эльфи Dota 2 ойыны бойынша өткен The International турнирінің жеңімпаздарына үш күндік табысын сыйға тартатынын мәлімдеген. Жалпы сомасы 25 мың доллар болған бұл ұсыныстан ресейлік және украиналық ойыншылардан құралған Team Spirit командасы сыпайы түрде бас тартқан.
Барлық жаңалықтар