Киевке Латвия мен Литва президенттері, Эстония, Испания және Канада премьер-министрлері, сондай-ақ Еурокомиссия және Еуропалық кеңес президенттері келді, деп хабарлайды "РБК-Украина".
"Ресейдің қатыгез басқыншылығы басталғанына үш жыл толғанда, Еуропа Киевте бас қосты. Біз бүгін осындамыз, өйткені Украина – бұл Еуропа. Бұл өмір үшін күресте тек Украинаның ғана емес, бүкіл Еуропаның тағдыры шешілуде", – деп жазды Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен Х әлеуметтік желісінде.
Кездесу барысында Украинаны қолдау және қауіпсіздік мәселелері талқыланады деп күтілуде.