Ел қоржынына алғашқы жүлдені салған мерген Олимпиадада қанша табыс тапты

Фото: ALAIN JOCARD/AFP via Getty Images

Қазақстандық мерген Александра Ле Париж Олимпиадасында сәтті өнер көрсетіп келеді. Қазақстандық спортшы бұл байрақты бәсекеде үлкен мөлшердегі сыйақыға ие болды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Пневматикалық мылтық атудан (10 метр) қазақстандық спортшы Александра Ле 165,4 ұпай жинақтап, 6-орынға ие болды.

Елімізде Олимпиада ойындарында 6-орын алған спортшыларға 5 мың АҚШ доллары (шамамен 2,4 миллион теңге) мөлшерінде сыйақы көзделген. Осыған дейін Александра Ле мен Ислам Сәтпаев аралас командалық дуэтте қола жүлдені еншілеген болатын. Бұл додада Қазақстан қоржынына түскен алғашқы жүлде болып саналады.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындарының қола жүлдегеріне 75 мың доллар көлемінде сыйақы табысталады. Осылайша Париждегі Олимпиада ойындарында қазақстандық мерген Александра Ле 80 мың АҚШ доллары (шамамен 37 миллион теңге) мөлшерінде табыс тапты.

Сонымен қатар қазақстандық мерген Париж Олимпиадасында тағы бір медаль үшін сынға түседі. 1 тамызда ол мылтық атудан (50 метр) өз мүмкіндігін сараптап көреді.

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны