Жаңалықтар

"Екеуі реанимацияда". Маңғыстауда уланған балалардың саны 300-ге жақындап қалды

Маңғыстауда уланған балалардың саны 300-ге жақындап қалды, екі бала реанимацияда, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Облыс басшысы Нұрдәулет Қилыбай мектеп оқушыларының денсаулық жағдайымен танысты - ол сырқаттанған балаларға барлық қажетті көмекті көрсетуді және ауруханадағы жұмыс режимін күшейтуді тапсырды. Әкімдіктің мәліметінше, қазір мұнда 67 бала емделуде, оның екеуі реанимация бөлімшесінде дәрігерлердің бақылауында. Дәрі-дәрмектер мен төсек-орындар жеткілікті. Сонымен қатар, Lada.kz мәліметінше, Маңғыстауда уланған оқушылар саны 300-ге жақындады. 222 бала үйде емделуде, 67 бала ауруханада жатыр, оның екеуі реанимацияда.
Барлық жаңалық