Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстан азаматы экстрадицияланды

Фото: Telegram/GenPr

Біріккен Араб Әмірліктерінен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойынша күдікке ілінген ер адам экстрадицияланды. Бұл туралы 2024 жылы 31 тамызда ҚР Бас прокуратурасы мәлімет таратты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктерінен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады.

«Күдікті 2023-2024 жылдар аралығында Атырау облысында букмекерлік кеңсе түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, нәтижесінде 21 млн теңге көлемінде пайда тапқан. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланды. Ағымдағы жылдың тамыз айында ол Абу-Даби қаласының аумағында ұсталып, кейіннен Қазақстан Республикасына экстрадицияланды», деп мәлімдеді ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Айта кетсек, ол бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған.

«Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Айыпталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», делінген хабарламада.