Танымал әнші Ерке Есмахан күйеуі Raim-ға қандай әндер арнағанын айтты, — деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
Әнші оқырманының «Raim-ға арнаған әніңіз бар ма?» деген сұрағына жауап берді.
«Бұрында бір жүріп, бір жүрмей, бір мезгілде түбегейлі қоштасып, одан қайтып кездесіп қалып сезім қайтадан лаулады. Не боларымызды білмей жүргенде 2019 жылы «1001 күн» деген әнімді арнаған едім. Одан соң 1 жылдай мүлдем кездеспей, жүздеспей нүкте койылды. Әркім өз өмірін сүріп кеткен кезде «Аққу» деген әнімді арнадым. Содан 2023 жылы Раймға күйеуге шығып өмірімді арнап, бала туып отырмын сол үйде», — деп жауап берді әнші.
ПІКІР ЖАЗУ