📰 Сарапшылар пікірі
Белгілі ғалым Досмұхамед Кішібеков 98 жасқа аяқ басты
Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, академик, белгілі ғалым Досмұхамед Кішібеков 98 жасқа аяқ басты. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагер, қазақтың жанашыры туралы аз-кем жазсақ.
І. ТУҒАН ЖЕРІ, ӨСКЕН ОРТАСЫ
Танымал ғалым Досмұхамед Кішібекұлы 1925 жылы, сиыр жылында ерте заманда Шығыс пен Батысты байланыстырған сауда жолында орналасқан, бір жағынан Сырдария, екінші жағынан Қаратау таулары аралығындағы тіршілікке қолайлы киелі мекен Шиелі өңірінде дүниеге келген.
Қызылорда бұл кезеңде Кеңестік Социалистік Қазақ Автономиялы республикасының астанасы болған. Шиелі ерте дәуірлерде Орынбор мен Ташкент аралығында сауда байланыстарының дәнекері болатын. Бұл өңірде «Оқшы Ата», «Бестам» атты әлі де археологиялық зерттеулерді қажет ететін қасиетті орындар баршылық.
Академиктің әкесі – Кішібек ақсақал мұсылмандықты берік ұстанған, әділдік пен адалдықты биік ұстанған. Кішібек ақсақал 1921 жылы аштық басталған жылдары шаңырағына бас сұғып келген аш адамдарға қолда барын беріп, қамқорлық танытқан екен. Мұның барлығы да академиктің бойындағы мейірімділік пен тектілік қасиеттері әке қанымен дарығандығының айғағы. Ғалым өз естеліктерінде әкесінің «Балам, адам бол!» деген қанатты сөзі өмірінің басты ұстанымына айналғандығын айтады.
Екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен көптеген жастар оқуларын тастап кетуге мәжбүр болды. Бірақ, Досмұхамед ағамыз оқуын ешбір кедергілерге қарамай жалғастыра түсті. Тіпті, 9 класс оқушысы ұстаздарының орнына мұғалім міндетін де атқарды.
Осылайша ғалым 1943 жылы акпанда әскерге шақырылып, Самарқандағы 368-ші атқыштар отрядына жіберіледі. Кейіннен, Ростов облысындағы Зерноград қаласында ұшқыштар даярлайтын жазғы мектепте білім алады. Ол қазақ халқы тарихындағы сұрапыл кезеңдер аштық нәубеті, екінші дүниежүзілік соғыс оқиғасының алапат кезеңдерін басынан өткеріп, өмірлік тәжірибе ала білді.ІІ. ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ
Досмұхамед Кішібековтің ғылыми еңбектерінің қай-қайсысында болмасын өзіндік ой, салмақты пікір жатыр. Мәселен, «Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең» атты еңбегінде ғалым жазу өнері алғаш Мысыр елінде емес, Таяу және Шығыс елдерінде көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын халықтарда пайда болғанын дәлелдеуге тырысады. Ол Қазақ мемлекеттілігі, Еуразия аумағындағы көшпелі халықтардың мәдениеті, тарихы, Батыс Сібір мен Қазақстан территорияларындағы өркениеттер тарихы, ғылым тарихы мен философиясы, Кеңес заманындағы тарихи тұлғалардың келбетін өрнектеу сынды тақырыптары бойынша дәекті ғылыми пікірлер мен қорытындылар жасайды.
Мамандығы - тарихшы. Кезінде біздің институттан Мәскеу қаласына аспиратураға Қаныш Сатпаев ағамыздың қолынан жолдама алған. Зерттеунің көбін - Ұлы дала өркениетінің тарихына арнады. Жаңа жылдың алдында - жаңа еңбегінің тұсаукесерін өткізді...
ІІІ. ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАРЫ
• «Менің ойымша, шынайы шығармашылық ең бірінші кезекте әлемді танудағы өзіндік түсініктен тұрады».
• «Ғылымда сыни пікірлерден қорқудың қажеті жоқ, қателік келесі зерттеушіні ғылымда тура жол табуға септігін тигізеді».
• «Ғалымдар үшін халық ауыз әдебиеті ең құнды да объективті дерек болып табылады».
• «Біз, қазақ халқы ежелгі мал шаруашылығымен айналысатын көшпенділердің ұрпақтарымыз».
• «Мемлекеттілігі жоқ елдің халқы бақытсыз».
ІV. АҒАМЫЗДЫҢ ИНСТИТУТҚА ДЕГЕН ЖАНАШЫРЛЫҒЫ
Академик Д.Кішібеков Институтта жүзеге асырылып жатқан «Ежелгі дәуірден бүгінгі заманға дейін» жеті томдық академиялық басылымның Бас ғылыми кеңесшісі, ақылшысы. Оның негізгі тұжырымдамалары мен құрылымдық бағытының қалыптасуына өз пікірін алға тартып, қомақты үлес қосуда. Ғалым ағамыздың өркениеттер тарихы, қазақ мемлекеттілігі және басқа да отан тарихының өзекті тақырыптары бойынша ғылыми концепцияларына сүйеніп, абыз ақсақалдың ғылыми ойларын ұстаным етеміз.
Міне, бүгін рухты ғалым Досмұхамед Кішібекұлы 98 жасқа қадам басып келеді. Соғыс ардагері. Қазақ халқының абыз ақсақалы – Досмұхамед Кішібекұлына мықты денсаулық, шығармашылық шабыт тілеймін. Ғалым Досмұхамед Кішібекұлының өмір жолы мен ғылымды дамытудағы жанкешті еңбегі келер ұрпаққа мәңгілік өнеге.
Зиябек ҚАБУЛДИНОВ.
-
-
Өскемен әуежайы басшылығы бес жыл бойы ақша жымқырған деген күдікпен қамауға алынды
09:37, 16 шілде 2025
-
«Тұрсынбек бабамыз шығарған»: Мөлдір Мұқанова қыздарына қандай шарт қойылғанын айтты
06:00, 16 шілде 2025
-
-
-
Қостанайда бүтін бір отбасы жол апатынан қаза тапты
23:17, 15 шілде 2025
-
Көкшетауда кәсіпорында жұмысшы биіктен құлап, көз жұмды
22:53, 15 шілде 2025
-
Білікті қазақ дәрігері көз жұмды
17:19, 15 шілде 2025
-
Бектенов: Назарбаевтар отбасының активтері бойынша жұмыс жалғасып жатыр
16:30, 15 шілде 2025
-
"Ауру бала - сорың": Танымал актриса айтқан сөзі үшін елден оңбай сөз естіді (ВИДЕО)
16:24, 15 шілде 2025
-
"Нағыз ханшайым еді": Желіде Мәдина Ерәлиеваның ерекше видеосы тарады (ВИДЕО)
15:00, 15 шілде 2025
-
"Өзінен сұраңыздар!": Мөлдір Мұқанова ашуына мінді
11:30, 15 шілде 2025
-
-
"Ауру бала - сорың": Танымал актриса айтқан сөзі үшін елден оңбай сөз естіді (ВИДЕО)
16:24, 15 шілде 2025
-
Бектенов: Назарбаевтар отбасының активтері бойынша жұмыс жалғасып жатыр
16:30, 15 шілде 2025
-
-
Премьер-министр Перизат Қайраттың ісіне қатысты пікір білдірді
11:23, 15 шілде 2025
-
Қостанайда бүтін бір отбасы жол апатынан қаза тапты
23:17, 15 шілде 2025
-
«Асар-Үме» қорының президенті Перизат Қайратқа 200 млн теңге аударған
11:17, 15 шілде 2025
-
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
15:38, 15 шілде 2025
-
"Діңкілдеп сөйлегенді көрсетемін": Елдос "Колобок" ашулы жазба жариялады
09:08, 11 шілде 2025
-
-
Интернетте де жауапкершілік бар
09:09, 09 шілде 2025
-
Елімізде еңбек кітапшасының күші жойылды
12:42, 14 шілде 2025
-
-
-
Айгүл Қосанова неліктен өзінен 14 жас үлкен адамға тұрмысқа шыққанын айтты
00:15, 14 шілде 2025
-
Миллиондаған ақша: Геннадий Головкиннің есімі атышулы сотта аталды
15:47, 14 шілде 2025
-
«Елдостың ұрығы болмаған»: Клиника маманы атқарған істерін тізіп шықты (ВИДЕО)
10:39, 09 шілде 2025
-
«11 жыл күткен бөпе»: Тамара Асар қуанышты жаңалығын жария етті
06:00, 09 шілде 2025
-
Бұлт артынан шыққан күн: Тұрсынбектің әйелі сүйінші сұрады (ВИДЕО)
14:29, 03 шілде 2025
-
Әнші Маржан Арапбаева жол апатына ұшырады (ФОТО)
11:29, 03 шілде 2025
-
-
-
«Облыс әкіміне үндеу жолдаймын: Меруерт Түсіпбаева Заттыбек Көпбосынұлына назын айтты
02:31, 26 маусым 2025
-
"Дарынсыз адам": Баян Алагөзова әнші Меруерт Түсіпбаеваны орнына қойды (ВИДЕО)
12:00, 04 шілде 2025
-
"Сахнадан шеттету керек": Уәлибек Әбдірайымовтың басы дауға қалды
09:00, 03 шілде 2025
-
"Ауырып қалмаса болар еді": Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайратқа алаңдаушылық білдірді
17:13, 02 шілде 2025
-
"Діңкілдеп сөйлегенді көрсетемін": Елдос "Колобок" ашулы жазба жариялады
09:08, 11 шілде 2025
-
"Жақсы баланы бүлдірген әкесі": Төреғалидің сахнадан кетуінің себебі айтылды (ФОТО)
09:00, 04 шілде 2025