Жаңалықтар

Белал Мухаммадтың Шавкат Рахмоновпен айқастан неге бас тартқаны белгілі болды

Жартылай орта салмақ чемпионы британиялық Белал Мухаммад қазақстандық Шавкат Рахмоновпен 7 желтоқсанда өтуі тиіс айқастан неліктен бас тартқанын түсіндірді, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі 1bol.kz сайтына сілтеп.

Аралас жекпе-жек шебері аяғына операция жасағанын айтты.
«Аяғымның сүйегіне инфекция жұқтырып алдым. Антибиотиктер салу үшін аяғыма операция жасауға тура келді. Алдағы алты апта бойы физикалық белсенділік танытуға тыйым салды. Алланың жоспары - үздік жоспар. Жоспарларыңызды бұзғаным үшін кешірім сұраймын. Жақында ораламын, Иншалла», - деп жазды ол.
Енді UFC Шавкат Рахмоновқа басқа қарсылас іздеп жатыр.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Belal Muhammad (@bullyb170)

Белал Мухаммад себебін түсіндіргеннен кейін, Шавкат Рахмонов өз жеке парақшасында қарсыласының денсаулығы үшін "бокал" көтерген бейнежазбасын жариялады.  
Барлық жаңалық