«Бекзат Саттархановтың өлімі сабақ болу керек еді». Амалбек Тшанов боксшылардың кемшілігін айтты

Фото: qazaqstan.kz

Мемлекет және қоғам қайраткері Амалбек Тшанов Assyltas TV youtube-арнасына берген сұхбатында Олимпиадаға барған боксшылардың кемшілігі туралы айтты, — деп хабарлайды ozgeris.info.

Амалбек Тшанов Олимпиадаға барған боксшылардың шаршап қалғанын атап өтті.

«Жастайымнан бокста жүрген адаммын. КСРО-ның спорт шеберімін. Сондықтан бокстың артық-кемшілігін білемін. Алғашқы кезде бокс федерациясын Бекет Махмұд деген кісі басқарды. Соның уақытында бокстың жоғары дәрежеге көтерілген кезі еді. Қазіргі бокста тренерлердің өзінде де ақшаға құмарлық деген әбден бел алып кеткен. Осы жолы біздің боксшылардың бәрі шаршап қалған. Бірінші раундта жақсы ойнайды да, екінші, үшінші раундта ешқандай спорттық әрекет жасауға шамалары келмей жатыр. Мұның бәрі шаршаудан болады. Бұл жерде бәрі де бас тренердің бұйрығымен барады ғой. Ол жерде де жабық, бәрі жемқорлық. Олар әбден үйреніп қалған», — деді ол.

Оның айтуынша, дүниеқұмарлық пен жалпақтауды қою керек.

«Біріншіден, дүниеқұмарлық дегенді тоқтату керек. Екіншіден, бір қазақтың жігіті белгілі бір салмақтан жақсы нәтижемен келсе, соның қасында 20-30 бала жүреді. Жалпақтау басым. Бекзат Саттархановтың өлімінің өзі бізге сабақ болу керек еді. Сондықтан әр нәрсенің шектеуі болу керек. Бұл спортшыларға қатты әсер етеді. Осы жолы барған боксшылар тым нашар деп айта алмаймын, бірақ тіптен дайын емес», — деді ол. 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…