Інжу ӨМІРЗАҚ
Білім және ғылым
Батыстан сабақ өтудің сан тәсілін әкелдік, бірақ тәрбие туралы бір сөз жоқ - Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ
Білім беру саласындағы өзгерістер бойынша ozgeris.info порталының тілшісі ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Өмір Шыныбекұлымен сұхбаттасты.
-Мұғалімдердің жалақасы өсті. Алайда артылған жүк те көбейген секілді. Осы уақыт аралығында жалақы мен қоса мәртебе де қатар өсіп келе ме?
- Иә жалақы өсті. 2019 жылдың соңында «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды.
Бірақ өкінішке қарай заң қабылданғанына 2 жылдан асса да, білім саласындағы көптеген басшылар бұл заңды әлі ашып көрмегеніне куә болып жүрміз..
-Министр білімі жоқ мұғалімдер балалармен жұмыс істемеуі керек деді. Алайда ауылдық, аудандық жерлерде санитар қызметкерлері сырттай бітіріп, факультатив сабақтарынан сағат алып сабақ беріп жүр деген сыбыс бар.
Мұндай дүниелерге шектеу расымен бола ма?
- Иә, сырттай оқып диплом алып мектептер мен бала бақшаларға жұмысқа кірген адамдардың қатары жетерлік. Мұндай жағдай әсіресе ауылды жерлерде кең етек жайған..
Қолдарында мемлекеттік үлгідегі дипломы бар адамды қалай шектейсіз? Шектеу мүмкін емес..
-Ал кейбір орта буындағы мұғалімдер біліктілікті тексеретін тест сұрақтарына наразы. Өйткені, қанша жыл тәжірибесі болса да, тест қиын екенін алға тартты.
Жалпы біздегі білім реформасын толығымен реттеуден өткізу қажет пе?
- Министріміз өте білімді, өте сауатты болғанымен Білім және ғылым министрлігінен шығып жатқан құжаттарда шикілік өте көп.
Соған қарағанда министрлікте министрге саботаж жасайтын қызметкерлер бар ма деген күдігім бар..
Иә, педагогтардың біліктілігін көтеру шарттары көңілге қонымсыз..
Біліктілік тесті теориялық білімі шамалы болса да, тест жаттауға қабілеттілер үшін өте тиімді болды. Көпке топырақ шашу ойымда жоқ. Арасында нағыз білгірлер бар.
Бірақ білім саласында 5-6 жыл ғана істеп, өзге ешбір жетістікке жетпесе де тест жаттағыш қабілетінің арқасында біліктілік санатын көтеріп жатқан мұғалімдер жетіп артылады.
Сатып алу туралы әңгіме бір бөлек. Шымкентте 300-ден аса мұғалім өз санатын жоғарылату заң бұзушылыққа барып, мемлекеттен төленетін үстемақы алып келгені анықталды.
Қазақстан бойынша ұсталмағаны қанша екенін бір құдай біледі..
Өз басым бала күнімнен жаттауға жоқпын..
Сондықтан тест тапсыру мен үшін өте ауыр...
Портфолионың жыры өз алдына бөлек әңгіме...
Әріптесінің грамота, алғыс хаттарына фотошоп арқылы өз аты-жөнін жазып, портфолиосына салып өткізіп жатқан мұғалімдер де бар деседі..
Өз еңбегімен алған марапаттары болса да білім басқармасы мен бөлімдерінің мамандарының қолдарына бірдеңе қыстырмағаны үшін біліктілік санатын көтере алмай қалған мұғалімдер туралы әлеуметтік желі беттерінен оқуға болады.
Бірақ оған назар аударып жатқан пенде жоқ.
-ҰБТ тапсырудың заңы жыл сайын өзгеруде. Биыл тексеріс камералары қатарға қосылды. Адалдықты, әділдікті негізі ҰБТ алдында емес, мектеп ішінен бастау керек секілді. Тым қатаңдату бала болашағына балта шабу емес пе?
- ҰБТ тапсыру тәртібі тым қатаң деп айтпас едім.
Бірақ сұрақтары туралы әңгіме жетерлік..
-“Атылған да біздің оқушылар, атқан да біздің оқушылар” деп жаздыңыз өз парақшаңызға. Қаңтар оқиғасы жайлы не ойлайсыз? Билік сабақ алып, реформа жасай алады деп сенесіз бе?
- Қаңтар оқиғасына дейін де полиция қызметкерлері бейбіт шеруге шыққан қарапайым азаматтарды жас-кәрі демей, арнайы көліктеріне қойдай тоғытып тығып жататын. Сол қызметкерлер де біздің мектептерде білім алды ғой..
Ал қаңтар қырғыны кезінде түсірілген бейнероликтерді қарап отырсаңыз, жап-жас жігіттер полиция қызметкерлерін аяусыз сабап жатқанын көрдік..
Бұл нені білдіреді?
Бұл біздің білім беру жүйесінің ауыр «кеселге шалдыққанын» білдіреді.
Батыс елдерінен сабақ өтудің сан түрлі әдіс-тәсілін әкелдік. Бірақ арасында тәрбие туралы бір сөз жоқ.
Мектептің басты функциясы тек оқыту емес, оқу-тәрбие екенін ұмыттық.
Қаңтар қырғынынан біздің биліктің сабақ алған-алмағанын президент Қ.Тоқаевтың наурыз айына жоспарлап отырған үндеуінде белгілі болады. Оған дейін бірдеңе деу артық..
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
Автопарк аяғынан айырылған Алуаның өмір бойғы шығынын өтеуге уәде берді
05:48, 12 маусым 2025
-
Ерке Есмахан үшінші рет босанды
04:58, 12 маусым 2025
-
Түрксіб ауданында болған ірі өрт: бір адам қаза тапты
04:57, 12 маусым 2025
-
-
Маңғыстауда балаларына қарыз әке сотталмақ
04:16, 12 маусым 2025
-
-
-
-
"Майдаланып кеткен": Сәкен Майғазиев құдаларына бергенін айтып, сынға қалды (ВИДЕО)
11:27, 11 маусым 2025
-
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
Ерке Есмахан үшінші рет босанды
04:58, 12 маусым 2025
-
-
-
-
Маңғыстауда балаларына қарыз әке сотталмақ
04:16, 12 маусым 2025
-
-
Қазақстан тартымды елге айналды. Қазақтар безген елге шетелдіктер неге көшіп жатыр?
19:07, 11 маусым 2025
-
-
"Құдай жазасын берсін": Айжұлдыз Адайбекова өзіне сиқыр жасалғанын айтты
11:28, 09 маусым 2025
-
"Сіз деп сөйлеймін": Нұржан Төлендиев келіні туралы айтты
06:29, 09 маусым 2025
-
"Тіркеу басталды": Сәкен Майғазиев ұлының тойын сатып жатыр
05:13, 09 маусым 2025
-
"Жүзін елге танытты": Сәкен Майғазиевтің әйелі келіні туралы сөз қозғады (ВИДЕО)
10:16, 10 маусым 2025
-
-
Жаңа интернет салығы: Тариф тағы қымбаттайды ма?
18:31, 05 маусым 2025
-
"Дүниеге тоймайды": Фариза Төреәлі қайын атасына не үшін арзан көлік сыйлағанын айтты
12:13, 10 маусым 2025
-
"Ешқайсысын кіргізбейміз": Сәкен Майғазиев ұлының тойына қатысты хабар айтты
05:38, 11 маусым 2025
-
«Әйтеуір алды-ау шашын»: Жанар Айжанова күйеубаласының шашын өз қолымен алып тастады
22:00, 08 маусым 2025
-
Киіктің қаны кімге керек? Ашкөз билік киелі жануарды қыруға дайын
23:50, 28 мамыр 2025
-
-
"Құдай жазасын берсін": Айжұлдыз Адайбекова өзіне сиқыр жасалғанын айтты
11:28, 09 маусым 2025
-
"Сіз деп сөйлеймін": Нұржан Төлендиев келіні туралы айтты
06:29, 09 маусым 2025
-
"Тіркеу басталды": Сәкен Майғазиев ұлының тойын сатып жатыр
05:13, 09 маусым 2025
-
"Жүзін елге танытты": Сәкен Майғазиевтің әйелі келіні туралы сөз қозғады (ВИДЕО)
10:16, 10 маусым 2025
-
-
Жаңа интернет салығы: Тариф тағы қымбаттайды ма?
18:31, 05 маусым 2025
-
"Дүниеге тоймайды": Фариза Төреәлі қайын атасына не үшін арзан көлік сыйлағанын айтты
12:13, 10 маусым 2025
-
"Ешқайсысын кіргізбейміз": Сәкен Майғазиев ұлының тойына қатысты хабар айтты
05:38, 11 маусым 2025