«Баласын әрқашан кешіреді»: Нұржан Керменбаевтың анасы жылап қалды (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/ nurzhan_kermenbayev

Отандық әнші Нұржан Керменбаев ана туралы алғашқы әнін жарыққа шығарды. Өнер иесі туындысын анасына тыңдатып, қателіктері үшін кешірім сұрады, деп жазады Ozgeris.Info.

Нұржан Керменбаев жаңа туындысын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

«Сіздің алдыңыздан өтіп, кешірім сұрағанды жөн көріп тұрмын. Балалығыммен, шалалығыммен жасаған қателіктерім үшін сізден кешірім сұраймын», — дейді видеода өнер иесі.

Ал эстрада жұлдызының анасы құлаққаппен оның әнін тыңдап, көзіне жас алады. Ол өзінен кешірім сұраған ұлының бетінен сүйеді. Мұны көрген көпшілік әншіге түрлі пікір жазып қалдырды.

«Аналарымыз аман болсын», «Ана жүрегі баласын әрқашан кешіреді ғой», «Көз жасымды тыя алмай, бірнеше рет тыңдадым», «Еріксіз жылап алдым, 100 жасасын», «Анаңызға қандай күшті сый», «Жасы ұзақ болсын», — деді олар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Nurzhan Kermenbayev (@nurzhan_kermenbayev)