«Балам жылап келді»: Астана тұрғыны көршісінің 9 жасар баласына лифтіде қорлық көрсеткен

Астана қаласының тұрғыны көршісінің 9 жасар баласына лифтіде қорлық көрсеткен. Бұл туралы «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы «НеМолчи» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Біздің ғимараттың лифтінде бейтаныс адам 9 жасар баламның жыныс мүшесін ұстапты. Балам жылап келді, күйзеліске түсіп, әбден қорқып қалған. Кешке арыз жаздым. Ол адам бәрін жоққа шығарып отыр. Лифт ішіндегі жүкті жылжытайын деп жатқан кезде қарама-қарсы тұрған балама қолы тиіп кетіпті-мыс. 9 жасар бала өтірік айтпайды», – деп жазды Дина Таңсәрі баланың анасының сөзін келтіре отырып.

Белгілі болғандай, ер адам көршісі болып шыққан. Кейіннен оның туыстары жанайқайын жеткізіп отырған анаға бірден ақша ұсынған. Бірақ баланың анасы бас тартып, қылмыскерлерді жазаламақшы.

Астана полиция департаменті бұл факті полицияда тіркелгенін хабарлады.

«Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – делінген хабарламада.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пока не стукнул инсульт и не лопнул сосуд, возьмите за правило...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины просто испаряются! Намажьте лицо перед сном этим...