Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы санағына 3,7 млрд теңге жұмсалмақ

Қазақстанда 2025 жылы ауыл шаруашылығы санағы өтеді. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 3,7 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев мәлімдеді, деп жазады Ozgeris.info.

Санақ агроөнеркәсіп кешенінің нақты жағдайын анықтауға бағытталған. Жер көлемі, мал саны, техника қоры, суармалы егістік көлемі, фермерлік шаруашылықтар туралы мәлімет жиналады. Бұл деректер мемлекеттік аграрлық саясатты нақты жоспарлауға қажет. Бір респондентке кететін шығын – 3,2 доллар. Бұл сомаға техникамен жабдықтау мен санақшылардың еңбекақысы кіреді. Жұмысқа 3700-ден астам интервьюер тартылады. Олардың қатарында студенттер, уақытша жұмыссыздар және арнайы оқытудан өткен адамдар бар.
– Санақ жүргізу үшін біз жұмыссыз азаматтар мен студенттер қатарынан, сондай-ақ конкурстық іріктеуден және арнайы оқытудан өткен барлық ниет білдірген азамат санатынан 3700-ден астам адамды интервьюер ретінде жұмысқа тартуды жоспарлап отырмыз, – деді М. Тұрлыбаев.
Сауалнамаға жауап беру – міндетті. Мәлімет беруден бас тартқандарға әкімшілік жаза қолданылады. Бұл ереже ұлттық статистика туралы заңда қарастырылған.
Барлық жаңалық