МАҢЫЗДЫ

Атырауда оқушыға қол көтерген мұғалім директор болып тағайындалған

Атырау облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметі аталған оқиғаға байланысты түсінік берді, деп хабарлайды ozgeris.info.
"Желіде мұғалім мен оқушылардың арасындағы кикілжің түсірілген видеоға байланысты мынаны хабарлаймыз. 2024 жылғы 4 қарашада С.Жұпарғалиев конкурс нәтижесімен жалпы білім беретін Қадыр Мырза Әли атындағы мектепке директор болып тағайындалды. Оның білім саласындағы жалпы еңбек өтілі – 35 жыл. Тағайындау кезінде ата-аналар мен қызметкерлер тарапынан шағым түскен жоқ. Конкурстан барлық талап пен критерийге сәйкес өтті", – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Қазір облыстық білім басқармасы аталған дерекке қатысты қызметтік тексеруді бастаған.
"Қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысымен заңдылыққа сәйкес шара қабылданады", – деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.
Барлық жаңалық