Атырауда құстар жаппай қырылып жатыр: мамандар не дейді?

Фото: almaty.tv

Соңғы екі күнде мамандар 60-қа жуық қанаттының өлексесін анықтаған. Барлығы қаладағы мұнай өңдеу зауытының аумағындағы «Сасық сай» булану алаңында табылды, деп хабарлайды Ozgeris.Info тілшісі «Информбюро»-ға сілтеме жасап.

«Кеше санағанымда 55 дана өлексе, оның 7-еуі аққу болды. Қалғандары лысуха құстары. Қазір енді жүрген жолымызды қарап келе жатырмыз. Алып кеткен сияқты», – деді Атырау облыстық орман шаруашылығы инспекциясы бөлімінің бас маманы Мереке Шалқарова.

Әлеуметтік желіге тараған бейнежазбадан арам қатқан құстардың бірнеше түрін байқауға болады. Шамамен 40-50 шақты қанатты әр жерде жатыр. Тіпті суда қалқыған аққудың да өлексесін байқауға болады. Жалпы каналға кәсіпорыннан шыққан техникалық су құйылады.

Осы оқиғадан кейін зауыттың аумағына экологтар, орман шаруашылығы инспекциясы, ветеринария басқармасынан құралған топ арнайы барған. Мамандар өлекселерді судан алып, сараптамаға жіберді. Әзірге құстардың неден қырылғаны белгісіз.

«Судың құрамында мұнайдың көрсеткіші бір литрге 1,8 миллиграм болуы керек. Содан жоғары болмауы керек. Ал біздерде 0,4-0,3 көрсетіп тұр. Су таза», – деді Атырау мұнай өңдеу зауытының бөлім бастығы Нұрлан Ещанов.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л