Оған бұл айыппұлды төлеу үшін 3700 жыл қажет болады. Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші инстанция сотының шешімі өзгеріссіз қалдырылып, заңды күшіне енді.
Еске салсақ, айыппұл төлеуші – 42 жастағы Мұрат Ниязов мұнай қалдықтарын кәдеге жарату бойынша шағын кәсіпорынға иелік етеді. Бірінші инстанция соты кәсіпорынның тиісті экологиялық рұқсатсыз қауіпті мұнай қалдықтарын жинап, экологиялық заңнаманы бұзғанын анықтады. Нәтижесінде компанияға қоршаған ортаға рұқсат етілген антропогендік әсер нормативтерін бұзғаны үшін 37 миллиард теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру