Жаңалықтар

Астанадағы LRT-ға маман іздеп жатыр

Астанада автоматтандырылған жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесіне арналған диспетчерлерді оқытуға алдын ала өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы жобаның операторы болып саналатын «City Transportation Systems» ЖШС хабарлады, деп жазады Ozgeris.info.

Жаңа диспетчерлер жүргізушісіз пойыздардың қозғалысын басқарумен қатар, оларды нақты кесте мен төтенше жағдайлар бойынша реттеп отыруға жауапты болады. Үміткерлерден көлік немесе теміржол саласындағы жоғары білім, көлік саласында кемінде екі жылдық еңбек өтілі және кемінде алты айлық диспетчерлік немесе операторлық тәжірибе талап етіледі. Сонымен қатар, flash-мониторингтік бағдарламаларды меңгеру, ұйымдастырушылық қабілет пен коммуникативтік дағдылар маңызды шарттардың бірі болып отыр. Болашақ диспетчерлер үшін оқыту бағдарламасы 6 айға дейін жалғасады және ол Астана мен Қытайда өткізіледі. Барлық шығын жұмыс беруші есебінен төленеді. Бағдарлама аяқталған соң үміткерлерге халықаралық үлгідегі сертификат табысталады және олар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналасады. Оқыту кезеңінде бес күндік жұмыс аптасы қарастырылған. Ал негізгі қызметке кіріскеннен кейін диспетчерлер ауысыммен жұмыс істейтін болады. Айта кетейік, бүгінде Астана LRT құрылысында 1200 қытайлық және 700-ге жуық қазақстандық маман еңбек етіп жатыр. Ал алғашқы жүргізушісіз пойыздар 2025 жылғы маусымда жеткізіледі деп күтіліп отыр.
Барлық жаңалық