Астанада тұрғын үйдің балконында болған өрттен алты адам құтқарылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
«Бүгін Байқоңыр ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің балконынан өрт шықты. Құтқарушылар баспалдақ үстінде тұрған алты адамды құтқарды, оның төртеуі балалар», — делінген сәрсенбі күні таратқан хабарламада.
Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында олар шақырылған сәттен бастап 40 минут ішінде өртті сөндірді.
Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.
ПІКІР ЖАЗУ