Жаңалықтар

Астанада күтуші әйел екі жасар баланы өлтірді деген күдікке ілінді

Кісі өлтіру туралы ақпарат алғашында интернетте тараған. 38 жастағы әйел баланы тұншықтырып өлтіргені хабарланды.
«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», - деп түсіндірді елордалық полиция департаменті.
Барлық жаңалықтар