Байғанин ауданының әкімдігі қызметтік қажеттіліктер үшін Haval Tank 500 автокөлігін 27,6 миллион теңгеге сатып алуда.
«Диапазон» басылымының мәліметінше, сатып алу талаптарында массаж функциясы мен премиум акустикалық жүйе болуы көрсетілген.
Әкімдік бұл автокөлікті сатып алу қажеттілігін аудан аумағының 6 103 969 гектар екенін, елді мекендер арасында жол қатынасының жоқтығын және қашықтықтардың үлкендігін айтып түсіндірді.
Шенеуніктердің айтуынша, мемлекеттік мекеменің балансындағы барлық көліктер ескірген және тозған.
Соңғы көлік 2018 жылы сатып алынған – Kia Sorento. Бірақ ол 2024 жылдың қазанынан бері істен шығып, апаттық жағдайда тұр.
«Қазіргі таңда аудан әкімі 2006 жылғы Toyota Camry 40 маркалы ескі көлікпен жүруге мәжбүр. Бұл көлік ауылдық елді мекендерге баруға жарамсыз», – деп мәлімдеді аудандық әкімдік.
Қаңтар айында аудан бюджетінің бос қаражатын қайта бөлу кезінде қызметтік көлік сатып алу жоспарланған.
ПІКІР ЖАЗУ