✅ Пайдалы

Ақшаны тиімді басқарудың және үнемдеудің 7 жолы

Қазір адамдар ақшаны су сияқты жұмсап жатыр. Туырлық болған теңгенің тағдыры теңселіп тұрғанда, бар қаржыны үнемдеудің өзі қиямет. Дегенмен Dauletten ватсап арнасы ақшаны тиімді басқарудың 7 тәсілін ұсынды, - деп хабарлайды ozgeris.info.
  1. Ай сайынғы бюджет жасаңыз
Табыс пен шығынды нақты жазып отырыңыз. Қайда қанша кетіп жатқанын бақылау – қаржылық тәртіптің негізі.
  1. «Алдымен өзіңе төле» қағидасын ұстаныңыз
Табыс түскен бойда 10-20% бөлігін бірден жинаққа аударыңыз. Бұл ақша кейін керек кезде қолда болады.
  1. Мақсат қойып жинаңыз
Жәй ғана үнемдеу емес, нақты мақсатпен (үй, көлік, демалыс, оқу) жинақтау – мотивацияны арттырады
  1. Артық шығындарды қысқартыңыз
Күнделікті кофе, керек емес жазылымдар, онлайн тапсырыстар сияқты ұсақ шығындар жинала келе үлкен сомаларға айналады.
  1. Қолма-қол ақшаны жиі қолданыңыз
Картадан жұмсау оңай, ал қолма-қол ақша жұмсағанда адам ойланады. Бұл – артық шығыннан сақтайтын тәсіл.
  1. Жеңілдіктер мен акцияларды ақылмен пайдаланыңыз
Тек керек затты алуға тырысыңыз. "50% жеңілдік" – сізге 100% қажет емес зат болуы мүмкін.
  1. Қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз
Кітап оқыңыз, подкаст тыңдаңыз, курстарға қатысыңыз. Ақшаны дұрыс басқару – үйренуге болатын дағды. Ақшаңызды басқарыңыз, ол сізді басқармасын!
Барлық жаңалық