Бұрынғы Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі, экономист Айдархан Құсайынов Трамп жариялаған тізімнің салдары ауыр болуы ықтимал екенін болжайды, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Ulysmedia.kz порталына сілтеп.
Оның айтуынша, импорттық баж салығы жоғарылатылған елдер тізімі – тек бастамасы.
– Гегемон Ресейге қарсы бұрын-соңды болмаған жаңа санкциялар енгізіп, екі рет күйреген экономикаларын үшінші рет күйретпек. Бұл халықаралық дағдарысты одан әрі ушықтырады, өкінішке қарай, біздің экономикамызға да кері әсерін тигізбей қоймайды, – деп жазады Құсайынов.
Дегенмен, ол халықты және қаржы саласының өкілдерін дүрбелеңге түспеуге шақырады.
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ бірқатар елдерден, соның ішінде Қазақстаннан импортталатын тауарларға баж салығын өсіргені хабарланған. Алайда Ресей мен кейбір өзге мемлекеттер бұл тізімге енбеген.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру