Алматыда қаза тапқан кәсіпкер Бақыт Ибраһимнің 1,3 млрд теңгелік коттеджін аукционда сата алмады
Коттедждің бастапқы бағасы – 1 381 890 000 теңге, ал болашақ иелері кепілдік жарна ретінде 69 094 500 теңге төлеуі тиіс болған.
Алайда электрондық сауда алаңының сайтында сауда өткізілмегені хабарланған.
Сипаттамада тұрғын үйдің жалпы ауданы 553,6 шаршы метр екені және оның Бостандық ауданындағы Қарғалы ықшамауданында орналасқаны көрсетілген. Үй екі қабаттан және жертөледен тұрады.
Бұған дейін Алматы әкімдігі бұл үйдің өткен жылдың наурыз айында қаза тапқан Бақыт Ибраһимге тиесілі болғанын мәлімдеген.
ПІКІР ЖАЗУ