Бұл — Нұр-Алатау шағын ауданындағы бір учаскеде орналасқан 3 қабатты үйлер, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеп.
«Жоспардан тыс тексеру барысында рұқсат беру құжаттарының толық пакетінің жоқтығы анықталды, нәтижесінде меншік иелеріне (жеке тұлғаларға) қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Көп ұзамай басқарма нысандарды бұзу туралы Бостандық аудандық сотына талап арыз берді. 2023 жылғы 29 қыркүйекте сот екі үйді бұзу туралы шешім қабылдады. 2024 жылғы 31 қаңтарда Алматы сотының қаулысымен аудандық соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды», — деп хабарлады Алматы қаласының қала құрылысы бақылау басқармасы.
Сот шешімі Әділет департаментіне келіп түсті, онда атқарушылық іс қозғалды. Меншік иелері демонтажға өз еріктерімен кірісті.
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, өткен жылдың басынан бері қалада 62 құрылыс нысаны, соның ішінде «Мечта», KHAN, «Алма Гарден» және басқа да тұрғын үй кешендері толығымен немесе ішінара бұзылған.
ПІКІР ЖАЗУ