Алматыда блогер полиция қызметкеріне пранк жасап, қамауға алынды

Алматыда полицияның модульді пунктінде пранк жасаған жігіт қамауға алынды, — деп хабарлайды «ozgeris.info” тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Желіде жас жігіт полицияның модульді пунктіне басып кіріп, өз оқырмандарына сәлем жолдаған видеосы тарап кетті.

Блогердің ұсталғаны туралы Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов Facebook-парақшасында жазды.

Оның айтуынша, пранк жасаған 1991 жылы туған К. есімді азамат ұсталып, Бостандық ауданының полиция басқармасына жеткізілген.

«Құқықбұзушы Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434-бабы — ұсақ бұзақылық бойынша жазаланады. Айту керек, бұл азамат бұрын да жоғарыда аталған бап бойынша жауапкершілікке тартылып, жазасын өтеген»,- деді Рустам Абдрахманов.

ozgeris.info” порталы


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!