Алматыда анасы таксиде ұмытып кеткен кішкентай қыз табылды

Төрт жасар Мармар Қалмақбайдың анасы қызын Жамбыл ауданынан Алматыға келе жатқан таксиде ұйықтатып, ұмытып кеткен.

Lider kz волонтерлері мәлім еткендей, 2 қаңтар кешкі сағат 20:00 шамасында 39 жастағы Бақытгүл Қалмақбай кішкентай қызымен бірге Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылынан Алматы қаласына жету үшін Алматы-Бішкек тасжолында көлік тоқтатқан.

Сағат 20:49 шамасында әйел ұйықтап жатқан баланы белгісіз ақ көлікте қалдырып, өзі Райымбек даңғылында Б. Момышұлы көшесіне жетпей түсіп қалған.

Бүгін таңертең Мармарды полицияға көлік жүргізушісі әкелді.

«Кішкентай қыз аман-есен табылды. Полиция Мармарды ата-анасына тапсырды»,-деп хабарлады ведомстводан.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей