«Алғашқы махаббатым ғой»: Айқын Төлепберген бірінші әйелінің қайда екенін айтты

Коллаж: Ozgeris.info

Танымал әнші Айқын Төлепберген оқырмандарымен сырласып, жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Miss Kazakhstan жобасының жеңімпазы Айдай Исаева парақшасында өнер иелері туралы тренд видео түсірді. Оқырман қауым өнер иелері Айқын мен Жұлдызды бірге көріп, Айқынның алғашқы жұбайы туралы сөз қозғады.

“Айқын бірінші әйелін тастап кеткелі, ұнамай қалды. Әндерін де тыңдамайтын болдым”, – деп жазды желі қолданушысы.

Өз кезегінде әнші оқырманына жауап қайтарып үлгерді.

“Бәрі қасымда. Ешкімді тастаған жоқпын”, – деп жауап берді әнші.

Еске салайық, өнер иесі жастай үйленген әйелінен ажырасып, өзінен 14 жас кіші, әнші Жұлдыз Өмірғалиге қосылған еді. Өнер иесі алғашқы жұбайымен араласып тұратынын жасырмаған еді.

“Әселге алғысым шексіз. Өте ақылды, инабатты, тәрбиелі қыз. Ондай әйел кез келген жігітке бұйырса, біздің еліміз көркейіп кетер еді деп ойлаймын. Себебі басы қатты істейді, жұмыс жағынан, өзі инженер. Қазір спортпен айналысады, қазір Қазақстанның чемпионы джиу-джитсудан. Дүние жүзіне барып бірінші орын алып келді. Менің балаларымды Әсел тәрбиелеп, ертең Алла қаласа балаларым да мықты болады. Бірақ енді алғашқы махаббатым ғой. 16 жасымда кездестік, көп уақыт бірге болдық. Қатты ғашық болдым”, – деген еді өнер иесі.