“Отандастар Қоры” КеАҚ мен Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві ұйымдастырған Дәлелхан Жаналтайдың 100 жылдығына арналған іс-шара өтті.
Аталмыш шарада Түркиядағы қазақ профессоры, тарихшы Абдуақап Қара “Қазақстанда тек көші-қон саясаты бар, ал диаспора саясаты жоқ. Ендеше көшпейтін қазақты қайтеміз? Олар қазақ екенін ұмыту керек па?” -деп сөз бастады.
Расында, бүгінде шет елдерде тұрып жатқан қазақтар мәдени-гуманитарлық қолдауға мұқтаж. Олардың ана тілін, салтын сақтауға Қазақстан тарапы әсер ету керек. Қазақ қай жерде жүрседе қазақ екенін ұмытпау тиіс. “Ұлым дейтін Ел болмаса, Елім дейтін ұл қайдан болсын”.
ПІКІР ЖАЗУ