«Бұрын-соңды бұл кранды қолданбағандықтан, мамандар оны жүргізе бастағанда тежегіші дұрыс істемей, рельстерге кептетіліп қалды. Біз үшін әр минут қымбат болды, себебі су мөлшері сағат сайын артып бара жатты, ал біз кранды іске қоса алмай жатырмыз. Осы кезде бұрын кранды ұзақ жүргізген, бізге көмектесе алатын маман іздедік. Осылайша Шыңғыстау Қибашұлына өтінішпен шықтық. Бірден келіскен Шыңғыстау Қибашұлы келіп, жарты сағаттың ішінде мәселені шешіп берді. Кранға өзі отырып, екінші шлюзді ашты. Соның арқасында уақытында судың қажетті мөлшерін жіберіп, Ақтөбе су қоймасының тасып кетуінің алдын алдық», — деді Ақтөбе облысы бойынша «Қазсушар» басшысы Ринат Шауенов.
Ақтөбе облысы бойынша «Қазсушар» басшылығы Шыңғыстау Әбдиевті қайтадан жұмысқа қосылуын қалаған. Осылайша ол 29 наурыздан бастап қайтадан кран машинисі қызметіне кірісті. Тәжірибелі маман жастарға жауапты жұмыстың қыр-сырын үйретіп, тәжірибесімен бөліспек.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру