РФ-дағы вокзалда 60 млн теңгеге алаяқтық жасады деген күдікпен Интерполдың іздеуінде жүрген қазақстандық ұсталды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
14 қарашада Ресей ІІМ желілік бөлімінің оперативтеріне Екатеринбург-Пассажирский станциясындағы халықаралық іздестіруге жарияланған 32 жастағы қазақстандыққа бағдар келіп түсті, сондай-ақ оны ұстауға көмек көрсетуді өтінді.
«Болжам бойынша, ер адам Екатеринбург-Мәскеу бағытында жол жүруді көздеген. Алынған ақпарат бойынша, 32 жастағы ҚР азаматы алаяқтық жасауда күдікті ретінде отанында тергеу органдарынан қашып кеткен. Оны көлік полициясының кезекші бөліміне алып барып, Екатеринбургтегі уақытша ұстау изоляторына айдауылдады. Ер адамды отанына экстрадициялау және іздестіру бастамашыларына беру туралы мәселе шешілуде», — делінген РФ ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сотқа дейін күдікті қамауда болуы керек еді. Бірақ шекарадан өтіп, РФ-да жасырынған. Ол 7 қарашада іздестірілді.
ПІКІР ЖАЗУ