Жаңалықтар

Юлия Путинцева Римде АҚШ чемпионын тізе бүктірді

Қазақстандық, әлемнің 41-ракеткасы Юлия Путинцева Рим WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 35-ракеткасы, 2017 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы, америкалық Слоан Стивенспен бетпе-бет келді. Бірінші партияда Путинцева 6:3 есебімен басымдылық танытты. Юлия екінші сетте қарқынын үдете түсті – 6:2. Бір сағат 14 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы эйс жасамағанымен, 7 брейк-пойнттың төртеуін құр жіберген жоқ. Стивенс мақтанарлық ештеңе көрсетпеді – 4 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Юлия Путинцева төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек немесе рейтингіде 77-сатыдағы америкалық Бернарда Пераның қай жеңгенімен таласады. Қазақстандық теннисші WTA Live рейтингісінде қазіргі кезде 37-орынға көтеріліп тұр. Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Рим жарысының екінші айналымында рейтингіде 161-орындағы румыниялық Ирина Бегумен кездеседі. Фото: ҚТФ
Барлық жаңалық