Трамптың шешімі мұнай бағасының күрт төмендеуіне әкелді

Depositphotos

АҚШ президенті Дональд Трамп енгізген «айна баждары» күшіне енгеннен кейін мұнай бағасы 2021 жылдың ақпанынан бергі ең төменгі деңгейге дейін түсіп кетті, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі ORDA порталына сілтеп.

Кейін Трамп кейбір елдер үшін тарифтерді уақытша тоқтатып, Қытайға салынатын баж салығын керісінше көтерген соң, Brent маркалы мұнай 4 пайызға қымбаттады.

Reuters мәліметінше, кеше Brent мұнайының фьючерстері 3,34 пайызға төмендеп, бір баррель үшін 60,72 долларды құрады. Сарапшылардың пікірінше, мұнай бағасының құлдырауына өткен аптада ОПЕК+ ұйымының мамырда мұнай өндіру көлемін тәулігіне 411 мың баррельге арттыру туралы шешімі де әсер еткен. Бұл өз кезегінде нарықта артық ұсынысқа алып келуі мүмкін.

Еске салайық, Қытай АҚШ-тан әкелінетін тауарларға салынатын баж салығын 84 пайызға дейін көтеретінін ресми түрде жариялады. Бұған жауап ретінде Трамп Қытай тауарларына арналған тарифтерді 125 пайызға дейін өсіріп, олардың бірден күшіне енетінін айтты.

Сонымен қатар, АҚШ президенті өзге елдерге кең ауқымды тарифтер енгізуді 90 күнге тоқтатып, бұл елдер үшін баж салығы әзірге 10 пайыз көлемінде болатынын мәлімдеді.

Осы мәлімдемеден кейін жағдай өзгерді. Reuters-тің жазуынша, Brent маркалы мұнайдың фьючерстері қайта өсіп, бір баррель үшін 64,73 долларды құрады. Күндізгі сессия кезінде 7 пайызға дейін төмендеген көрсеткіш 4 пайызға қайта көтерілді.

Сарапшылар АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының одан әрі ушығуы екі елдің де экономикалық өсімін тежейтінін ескертеді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!