«Таяқтың екі басы бар». Әсіре сілтеуден сақ болайық

Youtube әлеуметтік желісіндегі «Til Maydani онлайн тобының» жетекшісі Қуат Ахметовтың жұмысы дұрыс-ақ. Қазақ тілінің мәртебесін көтеруге бағытталған игі бастама. Өзге ұлт өкілдері қазақ тілін білуі керек, құрметтеуі тиіс. Бірақ тек радикалды жолмен емес. Біз өзіміз өз тілімізді сыйламасақ, құрметтемесек, өзгелерден қалай соны күтеміз?

Қазақ білімімен, мәдениетімен, өнерімен, өнертапқыштығымен өзгелерді мойындатуы керек. Мысалы, Димаш Құдайберген әлемнің миллиондаған жұртын қазақ тілінде ән салғызды. Біз өркениетті жолмен өзімізді өзгертсек, өзгелер де сонда бізге қарап бой түзейді, тіпті бізге еліктейтін болады.

Қазақстан енді әлем мойындаған өнерпаз, әншілер ғана емес,  Илон Маск тәрізді өнертапқыш, кәсіпкерлер шығуы керек. Өзіміз соған күш салуымыз керек. Қазақ тілі техниканың, бизнестің, қаржының, білім мен ғылымның тіліне айналуы тиіс.

Қуат Ахметовтың белсенді жұмыстарына Ресей баспасөзі де назар аударыпты.

https://www.mk.ru/politics/2021/08/10/nacionalisty-v-kazakhstane-nachali-presledovat-russkoyazychnykh-grazhdan.html

Ертең Ресей билігі тарапынан да еліміз бен жеріміздің тұтастығына қауіп төнбесіне кім кепіл? «Таяқтың екі ұшы бар». Артық қыламын деп тыртық қылып алмайық. Әсіре сілтеп барымыздан айрылып қалып жүрмейік, ағайын.

Бізбен бірге Өзгеріңіз! 

 

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)