«Табысты қыздардың қайда жүретінін айтыңдаршы»: Қуат Хамитов көптен көмек сұрады

Фото: видеодан скрин

Елімізге белгілі ММА шебері Қуат Хамитов алматылық қыздар туралы айтты, — деп жазады ozgeris.info сайты.

«Жаттығудан келе жатырмыз. Әлішер екеуміз бір-бірімізге «Алматының сұлу, табысты, өз-өзін қамтамасыз ете алатын қыздары қайда?» деп сұрап келе жатырмыз. Үш-төрт жылдан бері сондай қыздарды кездестіре алмай жүрміз. Кездесесің, үш күн сөйлескен соң ақша сұрай бастайды, бізді тонағысы келеді. Көрікті, табысты қыздар, сендер қай жерде қыдырасыңдар? Сендерді қайдан табамыз? Сондай қыздар қайда жүретінін айтыңдаршы», — деді Хамитов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Қуат Хамитов әлі де отбасын құрмаған сүрбойдақ.