Париж олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтбаев елге оралғаннан кейін әлі ешқандай сый-құрметке бөленбегенін айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.
Нысана көздеу спортынан Париж олимпиадасының қола жүлдегері атанған Ислам Сәтбаев жүлдесі үшін сыйлық алмағанын, елге келген соң өмірі аса өзгере қоймағанын айтты.
“Мен – әскери адаммын, Армия орталық спорт клубының қолдауы қатты сезілді. Олар дайындыққа да, құралмен жабдықтауға да көп көмек етті. Ең күшті сый – жақындарымның күтіп алуы. Шыны керек, әлі сыйлық алған жоқпын», — деді спортшы.
Айта кетейік, Ислам Сатпаев Александра Лемен бірге аралас жұптық сайыста Париж олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алған еді.
ПІКІР ЖАЗУ