Қазақ эстрадасының танымал өкілі, Бүркіт атымен танылған Айбек Сейітов қызды болды. Өнер иесі әлеуметтік желіде көптен күткен қуанышын бөлісіп, елден сүйінші сұрады, деп хабарлайды
Azattyq Rýhy.
Әнші қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында жазды.
«Ал, қазақ елі, сүйінші! Қызды болдым! Аллаhыма мың алғыс! Аллаhу акбар! Аиша аман!»– деп жазды әнші.
Айта кетейік, бұл – әншінің төртінші перзенті. Бұған дейін Бүркіт пен жары Аишаның үш ұлы бар болатын.
Желіде әншінің жазбасына «Қыздың жөні бөлек, Алла ұзақ ғұмыр берсін!», «Бақытты болыңдар, Бүркіт-Аиша!», «Қыз бала – шаңырақтың ырысы мен берекесі!» – деген сынды тілектер жазылды.