«Соңғы тур»: «Орда» тобы қазақ сахнасынан кететін болды

Фото: ашық дереккөз

Әнші Дастан Оразбеков 2025 жылдың ақпан айында «Орда» тобының қоштасу концерті болатынын мәлімдеді, — деп хабарлайды ozgeris.info.

Әнші бұл туралы «Revue news» бағдарламасында айтты.

“Тарайтын кез келді”, — деді әнші, топтың мүшесі Дастан Оразбеков.

Ол “Орда” тобы 2025 жылы ақпанда Қазақстанның бірнеше өңіріне гастрольге шығатынын айтты. Ал Алматыда 25 жылдық қоштасу концерті болмақ.

“Бұл — Орданың соңғы туры”, — деді топ мүшесі Дастан Оразбеков.

Топ тараса да, Оразбеков жеке шығармашылығын жалғастыра бермек. Оның сөзінше, топтың басқа мүшелері де өнерден қол үзбейді.

Айта кетейік, “Орда” тобы алғаш рет 2000 жылы “Бауыржан шоу” әзіл-ысқақ театрының сахнасында өнер көрсеткен. Әуелде топ бес адамнан құралған.