«Шығыс Еуропаға басып кірсе, күтіп аламыз»: НАТО елдерінің өкілдері Путиннің үндеуіне жауап берді

Ресей Президенті Владимир Путиннің үндеуінен кейін АҚШ, Ұлы Британия мен Украина өкілдері түсінік берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

АҚШ Украинаға жаңа қару-жарақ пакеттерін бөлуді және оларды жеткізуді жеделдету үшін жұмыс істеуді жалғастыратынын айтты.

Ресейлік зымыранның ұшырылуы Вашингтонның Украинаға қатысты саясатына кедергі келтірмейді, дейді Ақ үй.

Егер Ресей НАТО елдерінің біріне басып кірсе, Ұлыбритания өз сарбаздарын Ресеймен соғысқа жіберуге дайын, деп мәлімдеді британдық қорғаныс штабы бастығының орынбасары Магован.

«Егер бүгін кешке ресейліктер Шығыс Еуропаға басып кірсе, біз оларды осы ұрыста кездестіретінімізге ешкімде күмән жоқ деп ойлаймын», — деді ол.

Сондай-ақ, Украина президенті Зеленский Украинаның алыстан атылатын қаруды қолдануы түрткі болғанын жоққа шығарды.

Путин Украинаның алыстан атылатын қаруды қолдануы қандай да бір жаңа қадам болды деп өтірік айтты. Біз бұл қаруды алғаш рет қолданып отырған жоқпыз, — деді Зеленский